БЖЗҚ ескертеді: "Зейнетақы жинағының 50%-ын алып беремін" деушілер көбейген

588

БЖЗҚ жүргізетін барлық операция тегін.  

БЖЗҚ ескертеді: "Зейнетақы жинағының 50%-ын алып беремін" деушілер көбейген Фото: egov.kz

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жиілеп кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы inbusiness.kz БЖЗҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жалған делдалдар өздерін Қордың қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлерге ақысын төлесе, зейнетақы жинақтарының 50%-ын кез-келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынуда. Бұл ақпарат "жалған" және шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалануы:

егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз ету көзделген. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да ақпарат көздерінде таратылып жүрген, жоғарыда аталған шарттарды ескермей, ақылы түрде жинақтардың 50%-ын алу мүмкіндігі туралы хабарламаларды елемеуге қатаң кеңес береді.

БЖЗҚ жүргізетін барлық операция тегін жасалады.

"БЖЗҚ үшінші тұлғаларға хабарласпауды және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтынан немесе Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ғана тексеріп, көз жеткізген дұрыс екенін ескертеді.

Кез келген ақыл-кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу бойынша көп арналы тегін байланыс арқылы қашықтан, сондай-ақ, "Одноклассники", "Telegram", "Facebook", "Вконтакте", "Twitter" және "Instagram" сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен тегін алуға болады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігінің бар екенін де ескертеміз", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу