БЖЗҚ-ға қарызын қайтармаған 22 компанияның тізімі жарияланды
16 Сәуір 2020 15:25 263

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қарыз алып, бірақ мерзімі өтсе де оны қайтармай келген 22 компанияның тізімі жарияланды. Барлығының есебінен жиналған борыш – 53,4 млрд теңге, деп хабарлайды Atameken Business
Соның 17,5 млрд теңгесі осыдан 2 жыл бұрын «банкрот» деп танылған 4 банктің берешегі. Атап айтсақ – «Валют Транзит-Банк», «GLOTUR», «Qazaq Banki» және «Эксимбанк Казақстан». Проблемалық санаттағы өзге эмитенттер қатарында «Қазақстан қағазы», «ҚазНефтехим», «Атамекен-Агро» және «ҚазЭкспортАстық» сияқты ірі холдингтер бар.
Келісімшарт бұзылып, 2014 жылдан бері өтелмеген қарыз 22,37 млрд теңгеге жетіпті. Сондай-ақ, зейнетақы қорына экс-төраға Руслан Ерденаевтан да сот арқылы өндірілетін ақша түсуге тиіс. 2013-2017 жылдары қорды басқарған азамат 5 млрд теңге жымқырған. 2018 жылы қылмысы дәлелденіп, 12 жылға сотталды. Әзірге одан қайтарлыған қаржы небәрі 18,8 млрд теңге ғана.