БЖЗҚ-ға өз бетінше ақша салғандар жинақтарын мерзімінен бұрын алуға құқылы

978

 БЖЗҚ-ға өз бетінше ақша салғандар жинақтарын мерзімінен бұрын алуға құқылы

Өз еркімен жарна төлеген қазақстандықтар уақытынан бұрын зейнетақы жинақтарын ала алады. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ-ның аймақтық желіні дамыту және қолдау департаментінің директоры Наталья Павловская Newtimes.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды 7kun.kz

Қор мәліметінше, ондай адамдардың саны — 39 мың.

"Олар 50 жастан бастап қаржыларын ала алады. Бірақ бір нәрсе бар: зейнетақының басты мақсаты — зейнетке шыққаннан кейін қаржымен қамтамасыз ету. Егер басынан-ақ адамдарға өз жинақтарын алып қоюға мүмкіндік берсе, оларды болашақта не күтеді?", — деді Н.Павловская.

Сондай-ақ қор өкілі БЖЗҚ зейнетақы жинақтарынан уақытынан бұрын қаржы алуға қатысты пікірін білдірді.

"Әзірге нақты айта алмаймыз. Зейнетақы қоры немесе мемлекет ұсынған кез келген ұсыныс мұқият сараланады. Иә немесе жоқ деп кесіп айтуға негіз жоқ. Демография, экономикалық жағдай және тағы басқа факторларды назарға ала отырып, үлкен жұмыс жүргізіледі. Зейнетақыға қолайлы өмір сүру үшін шешім саналы түрде қабылдануы қажет", — деп атап өтті БЖЗҚ өкілі.

Қор баспасөз қызметінің ақпаратынша, қазір БЖЗҚ-да 10,11 млн қазақстандықтың есепшоты бар. Олардың 9,66 млн-ы міндетті зейнетақы жарналары арқылы толығып отырады. 2016 жылдың 1 қазанында ел азаматтарының зейнетақы жинағының көлемі 6,5 трлн теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу