БЖЗҚ қайтыс болған адамның зейнетақы жинағын қалай шығарып алуға болатынын түсіндірді

187

  "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында кәмелетке толмағандар үшін есептелетін нысаналы жинақтар мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары – шот иесінің меншігі болып саналады.

БЖЗҚ қайтыс болған адамның зейнетақы жинағын қалай шығарып алуға болатынын түсіндірді Фото: gov.kz

Сондықтан бұл жинақтар мұра ретінде қалдырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қайтыс болған адамның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар болса, оның жақындарына жерлеуге арналған бір реттік төлем берілуі мүмкін. Бұл төлемнің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 94 АЕК-тен аспауы керек, әрі қайтыс болған адамның шотындағы қаржыдан көп болмауы тиіс.

Егер жерлеуге төлем жасалғаннан кейін шотта қалған сома ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспаса, ол қалдық та жерлеуге арналған төлеммен бірге отбасы мүшелеріне беріледі. Егер Қазақстан қол қойған халықаралық шарттарда басқа тәртіп көрсетілсе, сол шарттар қолданылады.

Егер жерлеуге төлемді немесе зейнетақы жинағын алатын адам – шетелдік азамат (не оның сенім білдірілген адамы немесе заңды өкілі) болса, ол БЖЗҚ-ға мемлекеттік не орыс тіліне аударылған, қажет болса, нотариус растаған және заңдастырылған шетелдік паспортын ұсынуы қажет. Бұл талаптар да халықаралық келісімдерге байланысты өзгеруі мүмкін", деп түсіндіреді зейнетақы қорының өкілдері. 

Қажетті құжаттар толық тапсырылғаннан кейін, БЖЗҚ заңмен белгіленген мерзім ішінде төлем жүргізеді.

Қайтыс болуына байланысты (жерлеуге немесе мұрагерлерге) төлем тағайындау туралы өтініштерді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесімен Қордың веб-сайтында танысуға болады.

Сондай-ақ, мұрагерлердің жинақ алу үшін құжаттарды тапсыру рәсімі БЖЗҚ youtube арнасында да жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу