Осы бір жыл аралығында БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан 17,9 млрд теңге шығындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
- 2025 жылдың 1 мамырына міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,05 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 20,4%.
- Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 661,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,5%.
Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі 8,38 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 мамырына 374,30 млрд теңге болды.
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2025 жылдың 4 айы ішінде салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналарының мөлшері – 1,03 трлн теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 20,8% немесе 177,82 млрд теңге).
Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 мамырына 852,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 12,3% ұлғайды), МКЗЖ – 46,47 млрд теңге (өсім – 20%), ЕЗЖ – 1,05 млн теңге (өсім – 7,3%) түсті. 2025 жылдың 4 айында ЖМЗЖ 133,86 млрд теңгені құрады.
2025 жылдың 4 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 525,25 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 2 есе дерлік немесе 239,79 млрд теңгеге көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 307,34 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,75% ұлғайып, 80,53 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 686 теңге.
"Жыл басынан бастап мұрагерлік бойынша 23,10 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 12,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,08 млрд теңге, жерлеуге – 3,60 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 97,39 млрд теңге аударылды", – деп көрсетілген БЖЗҚ ұсынған деректе.