Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен 14,8 млрд теңге "Солтүстік-Оңтүстік" электр тарату желісін салуға бөлінді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ақтоғай-Талдықорған-Алматы арқылы өтетін 500 киловольттық желінің құрылысына 105,5 млрд теңге қажет. Оның 47,5 млрд теңгесі зейнетақы қорынан берілсе, қалған бөлігі Kegoc компаниясы арқылы қаржыландырылады. Қазіргі таңда электр тарату желісі тек 434 қашықтыққа тартылған. Жобаның екінші кезеңі бойынша 2018 жылы 883 шақырым толық қамтылуы тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу