БЖЗҚ қаржысы Apple мен Facebook сияқты компанияларға инвестицияланады

636

БЖЗҚ қаржысы Apple мен Facebook сияқты компанияларға инвестицияланады

БЖЗҚ қаржысы алдағы уақытта Apple мен Facebook сияқты компанияларға инвестицияланады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев БЖЗҚ активтерін инвестициялаудың болашақтағы жоспарларымен бөліскен кезде айтты. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап сарапшылардың кеңесі бойынша инвестициялық портфельдің долларлық үлесін көбейтіп жатыр. Қазіргі уақытта ол 17-ден 27 пайызға дейін артқан.

"Ұлттық банк қаржыны бөлудің жаңа тетігін қарастырып жатыр. Компанияларды таңдаған кезде Ұлттық банк те, Үкімет те MSCI Word индексіне иек артатын болады. Онда әлемдік деңгейдегі компаниялар бар. Яғни доллар валютасындағы қаржы Apple, Facebook сияқты компанияларға салынатын болады", — деді Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу