БЖЗҚ қызметкерлерінің еңбекақысы жария етілді

699

БЖЗҚ қызметкерлерінің еңбекақысы жария етілді

Енді рет-ретімен! Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қызметкерлердің жалақысы жария етілді. Әзірбайжан банкіне қатысты қаржылық шудан кейін жинақ қорының басшылығы ашықтыққа баруды ұйғарған сынды.  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынының басқарма басшысы Нұрбибі Наурызбаеваның сөзінше, 2014 жылы мұнда орташа жалақы 116 380 теңге болса, 2015 жылы - 163 732, ал 2016 жылы – 166 542 теңгені құрапты. Қорда 2017 жыл басында 2 мың 302 адам штаттық қызметте тіркелсе, мамырдан баста олардың саны 2012 адамға дейін қысқарыпты. Әзірге басшыларының жалақысы айтылған жоқ. Айта кетсек, жинақтаушы қордың Әзірбайжанның  Халықаралық банкіне 70 млрд-тан астам теңгені салғаны әшкере болып отыр. Тіпті шетелдік қаржы ұйымы банкрот алдында тұр екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу