БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңгесі банктерге беріледі

921

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қолдау көрсету бағдарламасын әзірледі.

БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңгесі банктерге беріледі

Бағдарламаға меншікті капиталының мөлшері 60 млрд теңгеден асатын қаржылық ұйымдар қатыса алады, деп хабарлайды abctv.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Бағдарламаға сәйкес, қаржылық реттеуші банктерге нарықтық талаптармен кредит беруді бастайды. Мақсат – экономикаға қолдау көрсету. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 200 млрд теңгеге дейінгі зейнетақы активтері пайдаланылады.

Банктердің құнды қағаздарын инвестициялау жөніндегі бағдарламаға меншікті капиталының мөлшері 60 млрд теңгеден асатын ұйымдар қатыса алады.

Ұлттық банктің мәліметінше, облигацияларды инвестициялау Қазақстан қор биржасының алаңында жүзеге асырылады. Бұл ретте, инвестициялау бағалы қағаздар шығарылымының 50%-ынан аспауға тиіс.

"Облигацияларды қосымша орналастыру шеңберінде, яғни басқа инвесторлардың міндетті қатысуымен ғана сатып алуға болады. Ұсынылған тетік нарыққа қатысушылардың облигациялар бойынша кірістіліктің нарықтық мөлшерлемелерін айқындауына және эмитенттерге шоғырлану тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді", – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Бүгінде қаржылық реттеуші облигациялық бағларламаға қатысу үшін екінші деңгейлі банктерге ұсыныс жіберген. Банктердің дені қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бұл ретте, "Банк ЦентрКредит" АҚ алғаш болып зейнетақы активтерінің есебінен Қазақстан қор биржасына облигацияларды орналастырған.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу