БЖЗҚ-ның Астана филиалының ашық есік күнінде 20 мың адам жүгінген

745

БЖЗҚ-ның Астана филиалының ашық есік күнінде 20 мың адам жүгінген

Іс-шара "Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері" атты тақырыпқа арналған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін БЖЗҚ-ның Астана қалалық филиалы ұйымдастырған "Ашық есік күніне" төрт жүзден астам салымшы мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келген азаматтар келді. Мұндай шара былтырғы жылдың басынан бастап әрбір тоқсан сайын өткізілуде. Бұл күні барлық қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келіп, республикамыздың зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарына жауап ала алады. Қор жетекшілігі жұртшылықтың бұл шараға деген қызығушылығын ескере отырып, ашық есік күнін дәстүрлі шараға айналдыруды шешкен. Бір жарым жыл ішінде Ашық есік күніне 20 мыңнан астам адам қатысқан. Іс-шара барысында қор қызметкерлері шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерімен және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістерімен таныстырды. 

Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетақы жарналарының 3 түрі бар. Міндетті зейнетақы жарналары азаматтардың, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары жұмыс берушілер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің есебіне аударылса, үшінші - ерікті зейнетақы түрлері өзінің зейнет жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға  ниетті азаматтарға арналған. 

Салымшыларға өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы біліп отыру маңызды. Бүгінде бұл туралы білу үшін қор кеңсесіне бару немесе дәстүрлі пошта байланысымен пайдалану міндетті емес. БЖЗҚ-да  көптеген қызмет түрлерін электрондық сервистер арқылы алуға болады. Бұл бағытта жасалған алғашқы қадам электрондық пошта болса, қазір БЖЗҚ салымшылары мен алушылары www.enpf.kz сайтында жеке кабинет ашуына болады немесе "e-mail-ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу" қызметімен; Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелеріне арналған ENPF мобильді қосымшасымен пайдалана алады. Ал "Цифрлы Қазақстан" ұлттық бағдарламасы электрондық қызмет мүмкіндіктерін кеңейте түсті. EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да қор қызметтерін қолдануға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу