Жанат Құрманов "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
"БЖЗҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 1 сәуірінен Құрманов Жанат Бостанұлы "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Бұл қызметте Жанат Бостанұлы Нұрбүбі Наурызбаеваны ауыстырды. Ол бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу