БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 494,5 миллиард теңгені құрады

908

БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 494,5 миллиард теңгені құрады

Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірісі 494,5 млрд теңгені құрап отыр. Қаңтар-қыркүйек айындағы есепке сәйкес, осындай қорытынды шығарылған. Былтырғы табыс бұдан 24%-ға аз. Ал қазір қорға түскен жалпы қаржы 7,5 трлн теңге екендігі көрсетілуде.

2016 жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға жоғары. Нәтижесінде, 2017-де жылдық өсім 16 пайызға жетіп, 1 трлн теңгеге өскен. Сондай-ақ салымшылардың жекелеген есебі 0,1 пайызға артыпты. Бұдан бөлек, міндетті жарна 98,2 пайызға жеткен. Қордағы төлемдердің басым бөлігі зейнетақыға жұмсалған. Соңғы 9 айдағы көрсеткіш - 161,6 млрд теңге. 19 млрд теңгесі міндетті сақтандыруға бөлінген қаржы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу