БЖЗҚ-ның инвестициялық қоржынында 20 проблемалық эмитент қалды

1087

БЖЗҚ-ның инвестициялық қоржынында 20 проблемалық эмитент қалды

Қор алдындағы міндеттемелердің орындалмау мүмкіндігінің жағымсыз салдарын азайтау мақсатында 2018 жылдың бірінші тоқсанында алдын алу шараларын жүргізді. Соның арқасында "Астана финанс" АҚ эмитентінің берешегі реттелді, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Эмитент қордың зейнетақы активтерінің қоржынындағы теңгелік ноталарды толық көлемде сатып алды. Сөйтіп, қордың зейнетақы активтеріне шығын келтіру қатері жойылды. Нәтижесінде салымшылардың шотына инвестициялық табыс ретінде 10,8 млрд теңге есептелді.

Сондай-ақ, қор атқару өндірістері мен эмитенттерді оңалту және олардың банкротқа ұшырау рәсімдері бойынша ілеспе қызмет көрсетіп жатыр.  

"Қазақстан Қағазы" АҚ эмитентіне қатысты өткен жылдың соңында Лондонның Жоғарғы соты "Қазақстан Қағазы" компаниялар тобының Мақсат Әріп, Бағлан Жүніс және Шынар Диханбаеваның үстінен берген талап-арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұл азаматтар "Қазақстан Қағазы" компаниялар тобының бұрынғы акционерлері және директорлары. Бұл талаптардың "Қазақстан Қағазы" АҚ пайдасына қанағаттандырылуына байланысты тиісті қаражат өндіріп алынып, "Қазақстан Қағазы" АҚ кредиторларының, оның ішінде "БЖЗҚ" АҚ талабын қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін. Бұл ретте бұл эмитентке қатысты оңалту рәсімінің тоқтатылып, банкротқа ұшырау рәсімінің қозғалуына байланысты бұл мүмкіндіктердің жүзеге аспай қалуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл қауіп Лондонның сот талқылауы бойынша жауапкер ретінде қатысып жатқан тұлғалардың қарсы тұруына, сондай-ақ "Қазақстан Қағазы" компаниясына қатысты қолданылған банкротқа ұшырау рәсімінің салдарынан туындайтын қиындықтарға байланысты орын алып отыр.

Сонымен, 2018 жылдың 1-сәуіріне қарай қордың инвестициялық қоржынында 20 проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы – 41,15 млрд теңге.  

Қазіргі уақытта қордың бұған дейін зейнетақы активтері бойынша міндеттемелердің орындалмауына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша  жіберген арызы аясында 5 қылмыстық өндіріс қозғалды ("Комбинат строительных материалов и конструкций-2" ЖШС, "Астана Недвижимость" АҚ, "Астана Финанс" АҚ, "Имсталькон" АҚ және "РЭМИКС-Р" АҚ).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу