БЖЗҚ-ның жанынан құрылған қоғамдық кеңеске кез келген қазақстандық мүше бола алады

883

БЖЗҚ-ның жанынан құрылған қоғамдық кеңеске кез келген қазақстандық мүше бола алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанынан құрылып жатқан қоғамдық кеңестің құрамы жасақталуда. Алғашқы отырыс осы ақпан айында ұйымдастырылмақ. Оның қатарында бұқаралық ақпарат саласының өкілдері де болады. Одан бөлек, қоғамдық кеңеске қаржыгерлер және салымшылар кіреді. Қарапайым азаматтар да өтінім бере алады. Үміткерлер ашық дауыс беру арқылы таңдалады. Сондай-ақ қаржы сарапшыларының пікірін зерттеу жұмысы жүріп жатыр. Барлығы 20-25 адам мүше болады, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

"Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы осы ақпан айында ұйымдастырылмақ. Кеңестің нақты мүшелері сол уақытта белгілі болады. Жұмыс тәртібі де сол кезде реттеледі. Қазір жобасы оның жобасы жасалуда. Ол жиында бекітіледі", – деді  "БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығының жетекшісі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу