"Шығарылым шарттарына сәйкес "СевКазЭнерго" АҚ облигацияларының бір бөлігі 0,5 млрд теңге сомасына сатылды", – деп жазылған хабарламада.
Осылайша, Қазақстан эмитенттерінің корпоративтік облигацияларының қазіргі құны қаңтарда 0,53 млрд теңгеге азайып, 15,73 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қор портфеліне 2027 жылдың қаңтарында өтеу мерзімі аяқталатын 4,2 млрд теңгеге "СевКазЭнерго" АҚ облигациялары енгізілген.
"СевКазЭнерго" АҚ – Солтүстік Қазақстан облысының электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және жеткізу жөніндегі кәсіпорын. "СевКазЭнерго" құрамына "Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы" АҚ, "Петропавл жылу желілері" ЖШС және "Севказэнергосбыт" ЖШС кіреді.