БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 1,9 трлн теңгеге өсті

771

Жинақтаушы зейнетақы шоттарының саны 11,7 млннан асты.

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 1,9 трлн теңгеге өсті

Бұл туралы Жинақтаушы қордық баспасөз қызметі хабарлады. Деректерге сүйенсек, 2020 жылдың тоғыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 трлн теңге мөлшерінде қаржы жинақталған. 

"2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 трлн теңгеге немесе 20%-ға өсті. Яғни көрсеткіш өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге жоғары", – деп жазылған хабарламада. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасып, 12,2 трлн теңгені құрады. Яғни жыл басынан бері жинақтар 16%-ға өскен. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге (өсім – 23%), ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жеткен (өсім – 10%).

"2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 млнға жуық бірлікке ұлғайды. 2019 жылдың 1 қазанында жинақтаушы зейнетақы шоттарының саны 10,6 млнды болса, биыл 11,7 млннан асты. Осылайша бір жылда олардың саны 11%-ға артты", – деп жазылған хабарламада. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу