БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 759 млрд теңгеге өсті

761

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы (БЖЗҚ) салымшыларының зейнетақы жинақтары бір жылда 759 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 759 млрд теңгеге өсті

Биыл 1 тамыздағы мәліметке сәйкес БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 12,8 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 

2020 жылғы 1 тамыздан 2021 жылғы 1 тамызға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 759 млрд-тан аса теңгеге немесе 6% өсті. 

"Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,5 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 335,7 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңге болды", - деп жазылған хабарламада.

2021 жылғы 1 тамызда БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны – 11,6 млн бірлік. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 10,9 млн. 

МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 529 мың, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны 49,6 мың бірлікке тең.

"Биыл 7 айда ЖЗШ-ға түскен жарналар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 23% өсіп, шамамен 741 млрд теңге болды. Басым бөлігін 708,7 млрд теңге немесе 95,7% МЗЖ бойынша аударымдар үлесінде", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу