БЖЗҚ төлемдері жаңа әдістеме бойынша есептеледі

921

Енді зейнетақы төлемінің жылдық сомасы ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды.

БЖЗҚ төлемдері жаңа әдістеме бойынша есептеледі Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-ның ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының ережелеріне сәйкес жаңа әдістеме бойынша есептеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Енді БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған азаматтар үшін зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды, яғни 2021 жылы 30 х 43 272= 1 298 160 теңге", – деп жазылған БЖЗҚ таратқан хабарламада. 

Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады. Ал төлемдерді 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін алғандар үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5% мөлшерінде ұлғайтылады.  Ал одан кейін жыл сайын индекстеледі. 

Сонымен қатар зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2021 жылғы 1 сәуірден бастап іске асырған азаматтар төлемдерді тағайындалған бірінші жылдық сома зейнетақы жинақтары төлемдерінің - 6,5% көбейтіндісі ретінде есептеледі. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері 5% индекстеу мөлшерінде қайта есептеледі. 

"Мысалы, зейнетақы жинақтарының сомасы = 6 000 000 теңге. Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000 * 6,5% = 390 000 теңге; Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай = 32 500 теңге; Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500 + 32 500 * 5% = 34 125 теңге. Бұған қоса 2021 жылы БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады", – деп жазылған БЖЗҚ таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек бұрын БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан кем емес болатын. Осылайша көпшілік үшін төлемдердің мөлшері ұлғайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу