БЖЗҚ үш мобильді офис сатып алуды жоспарлап отыр

711

БЖЗҚ үш мобильді офис сатып алуды жоспарлап отыр

БЖЗҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сәуле Егеубаева реквизиттерді электронды үкімет порталы арқылы өзгерістер енгізуге болатын қызмет түрінің қолданысқа енгізілгенін хабарлады, деп жазады abctv.kz. 
2017 жылдың III-IV тоқсанында VTM-терминалдарды қолданысқа енгізу процесі аяқталады. Сатып алынған мұндай терминалдардың саны – 4. Аталған терминалдар тұрғындарға қордың операциялық қызметкерлерімен қашықтықтан интерактивті байланысқа шығуына мүмкіндік береді. БЖЗҚ үш мобильді офис сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша, мамандар шалғайдағы аудандар мен ауылдарды аралайтын болады. Егер бұл жоба өз нәтижесін берсе, екі-үш жылдың дерегінде қордың филиалдарын мобильді офистермен жабдықтау жоспарлануда.
Түзетулер енгізілген жоспарға сәйкес, БЖЗҚ-ның жалпы шығындары бұған дейін бекітілген құжатпен салыстырғанда шамамен 12 млрд теңгеге (28%)  қысқарады екен. Атап айтқанда, еңбекақы төлеу шығыны 2,47 млрд теңгеге (24%), операциялық жалдау шығыны 419,7 млн теңгеге (30%), іс-сапар шығындары 419,7 млн теңгеге (30%), зейнетақы активтерін сенімді басқаруға кететін шығындар 6,2 млрд теңгеге (33%) азаяды. Бірінші жартыжылдықтың нақты нәтижелерін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырар болсақ, еңбекақы төлеу және іс-сапар шығындары 0,5 млрд теңгеге (12%), үй-жайларды ағымдық жалға алу шығыны 74,8 млн теңгеге (14%) қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу