Бұл туралы Үкімет отырысына Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бастап 497 млрд теңгеге немесе 3,4%-ға ұлғайып, ақпан соңында 15,1 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 210,4 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 319,9 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 40,8 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы – 21,8 млрд теңге болды. 118,90% жинақталған инфляция кезінде зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі шоғырландырылған сәттен бастап 118,93%-ды құрады", – деді ҰБ төрағасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу