Бұл туралы ҚҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"2022 жылы жоғары инфляция жағдайында көптеген елдердің орталық банктері монетарлық саясатты күшейтуге мәжбүр болды. Оның соңы барлық активтердің кластық құнын төмендетуге алып келді", – деді спикер.
Мысалы, өткен жылы көптеген әлемдік индекстер теріс мәндерді көрсетті: MSCI World Index акцияларының индексі 19,5%-ға, АҚШ қазынашылық облигацияларының индексі 7,6%-ға, корпоративтік облигациялар индексі 15,8%-ға, дамушы нарықтар облигацияларының индексі 15,3%-ға төмендеді.
"Осылайша, нарықтағы негативті қайта бағалау үрдісі шетелдік және қазақстандық эмитенттердің облигациялары мен акцияларын қамтитын БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің құнын түсірді", – деді Нұржан Тұрсынханов.