БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55%-ға төмендеді

Мұның себебі неде?  

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55%-ға төмендеді Фото: gov.kz

Бұл сұраққа ҚҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов  жауап берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі алдыңғы кезеңдердегі орташа мәндермен салыстырғанда төмендеп, 6,55%-ды құрады. Мұның бірқатар объективті себебі бар: қазақстандықтарға тиесілі ақшалай жинақтардың кірістілігіне әлемдегі екіұшты геосаяси және экономикалық жағдай айтарлықтай әсер етті. Бірақ 2022 жылдың басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 914,1 млрд теңгені құрағанын, яғни, өткен жылдың қорытындысы бойынша активтердің кірістілігі оң болғанын атап өткім келеді", – деді Нұржан Тұрсынханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу