БЖЗҚ жаңа қызметті іске қосты

1998

Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді. 

БЖЗҚ жаңа қызметті іске қосты

Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.

Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторизациядан өту қажет.

Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

 · өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;

· дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;

· "Кодты жіберу" батырмасын басыңыз;

 · алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

Бұл қосымша сервис салымшылары үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу