Бұл жұмыс "C5+1" форматы аясында қол жеткізілген келісімдермен де үндесіп, ірі көлік жобаларына қаржы тартуға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ситибанк Қазақстан басқарма төрағасы Сәуле Жақаеваның айтуынша, қазақстандық компанияларға берілген кредиттер көлемі 600 млрд теңгеден асып, қазіргі таңда 662 млрд теңгеге жеткен. Банк алдағы уақытта да қаржыландыруды ұлғайтып, көлік секторындағы стратегиялық бастамаларды қолдауға дайын.
Атап айтқанда, қаржы институты Қазақстан темір жолы локомотив паркін жаңарту, Air Astana үшін жолаушылар ұшақтарын сатып алу, сондай-ақ ҚазАэроНавигация қажетті навигациялық жабдықтармен қамтамасыз ету жобаларына қызығушылық танытып отыр.
Сәуле Жақаева мұндай бастамалар елдің көлік әлеуетін арттыруға, логистика мен әуе қатынасының қауіпсіздігі мен тиімділігін күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, "C5+1" аясындағы уағдаластықтар қаржы институты тарапынан нақты жобалар арқылы іске асырылмақ.