Израиль Газа секторының Мысырмен шекарасын бақылауға алды

186

Израиль Газа секторы мен Мысыр арасындағы 14 шақырымдық шекарадағы буферлік аймақ Мысырдан келген исламистерге қару-жарақ контрабандасы үшін қолданылады деп күдіктенеді.

Израиль Газа секторының Мысырмен шекарасын бақылауға алды Фото: Mohammed Abed/AFP/Getty Images

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Филадельфия дәлізін - Газа секторы мен Мысыр арасындағы 14 шақырымдық шекарадағы буферлік аймақты "жедел бақылауға алды". Бұл туралы ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Газа секторының шекаралары бойымен өтетін Филадельфия дәлізі 1979 жылы Израиль мен Мысып арасындағы бейбіт келісім аясында құрылды. Израиль армиясы Газа секторынан шыққанға дейін оны патрульдеу үшін пайдаланды, деп еске алады AFP агенттігі. 

"Израиль Палестина территориясындағы қарулы топтар (Мысыр территориясынан келген исламшыл террористер - Ред.) бұл дәлізді қару-жарақ контрабандасы үшін пайдаланады деп күдіктенеді", - делінген басылымда.

Хагаридің айтуынша, Израиль әскерилері Филадельфия дәлізінің аумағында 20-ға жуық туннель тапқан.  Өз кезегінде Мысырдың жоғары лауазымды өкілі бұл деректерді жоққа шығарды. 

"Израиль Палестинаның Рафах қаласына қарсы операция ақтап шығып, белгілі бір саяси мақсаттармен соғысты ұзарту үшін осындай тұжырымдарды пайдаланып отыр", - деп Мысырдың Al-Kahera News ақпарат агенттігі шенеуніктің сөзін жариялаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу