Cайлауға 127 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысты

954

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде айтылды.  

Cайлауға 127 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысты

"Қарулы күштер саласы да парламент мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысты. Барлық әскери

қызметшілерге дауыс беруге қатысу мүмкіндік берілді. Офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және азаматтық қызметкерлер тұрғылықты жері бойынша дауыс берді. Әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында 19 сайлау учаскесі құрылды. Сайлауға 11 мыңнан астам мерзімді қызметтегі әскери қызметші мен курсант қатысты. Сонымен қатар аталған учаскелерде болған бақылаушылар заң бұзушылықтарды байқамағанын баяндады. Жалпы саны қарулы күштер саласынан барлығы 127 мыңнан астам әскери қызметші, азаматтық персонал өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысты", – деп баяндады Қорғаныс министрлігінің өкілдері.

2020 жылдың желтоқсан айының соңында жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақыру науқанын аяқтаған. Оның барысында 17 мыңнан астам адам қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға шақырылған.

Аппарат кеңесінде өткен жылы әскерге шақыру жоспарының жүз пайызға орындалғаны да айтылды. Сондай-ақ, уақтылы қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әскерге шақырылушыларды міндетті түрде бірнеше рет ПТР-тест сараптамасын тапсыратыны тілге тиек етілді. Бұл әскери қызметшілердің коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу