Cайлауға кететін шығындар қай бюджеттен бөлінеді?

157

Әкімдердің сайлауын жергілікті бюджеттен қаржыландырыла береді.  

Cайлауға кететін шығындар қай бюджеттен бөлінеді?

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден сайлауға кететін шығындар қай бюджеттен қаржыландырылатыны туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолданыстағы заң бойынша кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең мүмкіндік беріледі. Қазіргі заң жобасында "республикалық бюджет" деген ұғымды "мемлекеттік бюджет" деп ауыстыру ұсынылып отыр. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бюджетке жергілікті бюджет те кіреді. Бұл өзгерістер не үшін енгізіліп отыр? Осыдан кейін сайлауға байланысты шығындар қай бюджеттен қаржыландырылады?", – деп сұрады депутат.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, тиісті өзгерістер нақтылау және жүйелік сипатқа ие.

"Себебі қазіргі уақытта Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 125-бапта сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауына байланысты жауапкершілік көзделген. Әкімдерді сайлағанда қаражатты жергілікті бюджеттен бөлеміз. Бұл қайшы болып тұр, себебі құқықтық реттеуден тыс қалған. Осы норма бүкіл бюджет жүйесін қамтуға және реттеуге мүмкіндік береді. Бірақ басқа сайлауға байланысты ешқандай өзгерістер болмайды. Бұрынғы заңда қалай бар –солай қалады. Мысалы, президенттік сайлау, депутаттардың сайлауы, басқа да жалпыұлттық сайлау болса, олар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ал әкімдердің сайлауын жергілікті бюджеттен қаржыландырылу қалады", – деді вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу