Cалмағы 3,5 тоннадан жоғары жүк көлігінің қозғалысы шектеледі

901

Cалмағы 3,5 тоннадан жоғары жүк көлігінің қозғалысы шектеледі

7 маусымнан 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан астам барлық жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бұл шара ЭКСПО-2017 өту барысында Астананың көліктік желісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың коммерциялық қызметін жүзеге асыру және қолайлы болу үшін сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жүк көліктеріне рұқсат етіледі.

Транзиттік жүк көліктеріне арналған шектеу қойылған аумаққа енбейтін айналма жолдар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу