Calvin Klein мен Tommy Hilfiger иесі ресейлік бизнестен шықты

351

Ресейдің Украинаға соғыс бастауына байланысты PVH Ресей Федерациясындағы жұмысын тоқтатты.

Calvin Klein мен Tommy Hilfiger иесі ресейлік бизнестен шықты Фото: газета.ру

Calvin Klein мен Tommy Hilfiger брендтеріне иелік ететін Phillips-Van Heusen Corporation (PVH) тамыз айының ортасында ресейлік бөлімшенің капиталынан шықты, деп жазады Inbusiness.kz ресейлік РФ Заңдық тұлғалардың  мемлекеттік біріңғай реестрі деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

"Пивиэйч Сторс Рус" атауы "Ритейл Экселенске" ауыстырылды. Компанияның жаңа иесі және бас директоры Денис Щукин атанды, ол 2018 жылдан бастап Ресейдегі PVH бөлшек сауда желісінің директоры қызметін атқарды. PVH-де БАҚ сұрақтарына жауап берілмеді.

Ресейде PVH 150-ден астам Tommy Hilfiger мен Calvin Klein дүкендерін басқарды. "Коммерсант" енді бұл дүкендер "Ритейл Экселенске" иелігінде болады деп болжады, өйткені 12 қыркүйекте HeadHunter-де жоғарыдағы дүкендерге сатушы қарастырылып жатқаны анықталды, ал байланыс үшін Retailexc.ru электрондық поштасы берілген.

Киім өндірушісі PVH Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Warner's, Olga және True & Co брендтеріне ие. Атап айтқанда, Ресейде компания Tommy Hilfiger мен Calvin Klein дүкендер желісін дамытты. Ресейдің Украинаға соғыс бастауына байланысты PVH Ресей Федерациясындағы жұмысын тоқтатты. 2023 жылдың бірінші жартысындағы есепте корпорация ресейлік бизнестен, соның ішінде көтерме саудадан толығымен шыққандығы айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу