"Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі аяқталды

393

Кепілдік берілген өтемді төлеу агент-банк болып бекітілген "Еуразиялық банк" АҚ бөлімшелерінде жүргізілді.

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі аяқталды

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, таратылатын банктің салымшыларына шамамен 1,6 млрд теңге төленген, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл банк бойынша кепілдіктің жалпы сомасының 92%-дан асады. Төлемдердің максималды сомасы 15 млн теңгеге жетті, минималды сомасы – 10 теңгеге дейін болды", – деп жазылған қор хабарламасында.

Осы төлемді ала алмағандардың БЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарына аударылып жатыр. Төлеу мерзімі аяқталған соң қаражатты тек әскери қызметте, Қазақстаннан тыс жерлерде бас бостандығынан айыру орындарында болған, мұра қабылдаған немесе сот белгілеген өзге де себептері болған салымшылар ғана ала алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу