Cassie есімді екі аяқты робот доп лақтыруды үйренді

814

Болашақта мұндай роботтар күнделікті өмірде қолдануға жарап қалады.

Cassie есімді екі аяқты робот доп лақтыруды үйренді

Берклидегі Калифорния университетінің инженерлері ойлап тапқан Cassie есімді екі аяқты робот тепе-теңдік сақтай отырып доп лақтыруды үйренді. 

Жоба авторларының айтуынша, болашақта мұндай роботтар екі әрекетті қатар істеп, күнделікті өмірде қолдануға жарап қалады. 

Инженерлер Cassie-ді 2017 жылы құрастырған. Олар аппаратты осы күнге дейін жетілдіріп, адам пішіндес етіп жасап шығарды. Роботтың допты "тебу" дағдысы оның тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамытуға көмектеспек. Яғни мамандар оның ширақтылығын әлі де дамыта түспек. 

Бұған дейін Берклидегі Калифорния университетінің инженерлері екі аяқты роботты қала ішінде гиророликпен жүруге үйреткен болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу