Cәтбаев қаласында жалған алкоголь әзірлеп, оны саудалаған адам сотталды

201

Ұлытау Облыс прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату дерегін анықтады.  

Cәтбаев қаласында жалған алкоголь әзірлеп, оны саудалаған адам сотталды Фото: top-news.kz

Сәтбаев қаласының тұрғыны үйінде алкогольді дайындайтын цех ұйымдастырып, ішімдікті қала тұрғындарына сатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тінту барысында цехтан бір тоннаға жуық, құрамында спирт бар тағамдық өнімдер дайындайтын құралдар және бірнеше акцизсіз темекі өнімдері табылды.

Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады.

Сәтбаев қалалық соты оны 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу