Бұл туралы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл оқиғаның оң шешім табуы тұтынушының Маңғыстау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (СТҚҚД) жүгінуінің арқасында мүмкін болды.
Осы жылдың желтоқсан айында әйел адам жергілікті дүкендердің бірінен сырт киім сатып алған. Алайда сатып алғаннан кейін ол тауар өзінің күткеніне сай келмейтінін түсінген.
Сатушы жағдайды шешуге құлықсыздық танытқан соң, тұтынушы СТҚҚД мамандарынан көмек сұрауды ұйғарады.
- Біз жағдайды жылдам қарап, тұтынушыға Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 42-4-бабына сәйкес құқықтарын түсіндірді. Мамандарымыз құқықтық көмек көрсетті: тұтынушыға кеңес беріп, сатушыға жолданатын талап арызды дайындауға көмектесті. Дүкен заңда көрсетілген мерзім ішінде өтінішті қарастырып, тауардың толық құнын қайтарды, - дейді департамент басшысы Рауан Мухаев.
Заңнамаға сәйкес, әрбір тұтынушы өз құқықтары бұзылған жағдайда сатушыға талап арызбен жүгінуге құқылы. Дүкен өтінішті 10 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, жазбаша жауап беруі тиіс. Егер сатушы бас тартса, тұтынушы СТҚҚД сияқты уәкілетті органға жүгінуіне болады.
Бұл оқиға өз құқықтарын білудің және дер кезінде көмек сұраудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Маңғыстау облысы бойынша СТҚҚД тұтынушылар арасындағы дауларды шешуге белсенді түрде ықпал етіп, азаматтардың мүдделерін қорғайды.
- Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, департамент мамандары сізге көмек көрсетуге дайын. Сіз кеңес алу немесе шағым беру үшін 8 (7292) 43-14-34, 43-01-17 телефондары арқылы хабарласа аласыз, - деп атап өтті СТҚҚД басшысы Р. Мухаев.