CBS: АҚШ Украинаға $1 млрд ресейлік активтерді бергісі келеді

396

Телеарнаның хабарлауынша, АҚШ Әділет министрлігі тәркіленген активтерді украин халқының игілігі үшін пайдалануға Конгресстен рұқсат сұрайды.

CBS: АҚШ Украинаға $1 млрд ресейлік активтерді бергісі келеді Фото: zn.ua

АҚШ Әділет министрлігі Украинаға құны 1 миллиард доллардан асатын ресейлік активтерді жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz CBS ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Украинада соғыс басталған кезден — 2022 жылдың ақпан айының соңынан бастап Америка билігі бүкіл әлем бойынша жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын ресейлік активтерді тәркіледі немесе алып қоюға ықпал етті.

"Біз конгресстен алынған қаражатты украин халқының игілігі үшін пайдалануға рұқсат сұраймыз", - деді Әділет Министрінің бірінші орынбасары Лиза Монако.

АҚШ-тың Бас прокуроры Меррик Гарленд мамыр айында ресейлік олигархтың санкцияларын бұзғаны үшін тәркіленген активтерін Украинаға беруге рұқсат берді, деп жазды Reuters.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу