Целиноград ауданы Шұбар ауылында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

430

Мектепте жабдықталған спорт және акт залы, кітапхана және тир бар. Педагогикалық ұжым 34 мұғалімнен тұрады. 

Целиноград ауданы Шұбар ауылында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Жалпы білім беретін мектепте 12 қазақ және орыс тілдері, тарих, физика, математика, ағылшын тілі, информатика және т.б. оқу кабинеттері, сондай-ақ 6 бастауыш сынып кабинеттері бар.

"Шұбар ауылының 168 оқушысы бұған дейін 1962 жылы салынған шағын негізгі жалпы орта білім беретін мектепте оқыған. Енді жаңа тоқсаннан бастап олар жарқын әрі кең ғимаратта оқитын болады", - дейді мектеп директоры Мүбарак Байшолақов.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов елордалық ауданға жұмыс сапары аясында жаңа мектепке барды.

"Жаңа мектеп жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады. Осы мектептен біздің облысты ғана емес, республиканы да өз білімі мен талантымен дәріптейтін лайықты азаматтар шығатынына сенімдімін. Ал біз сіздерге барлық жағдай жасауды жалғастырамыз", - деді аймақ басшысы.

Целиноград ауданында бүгінде 10 мектеп және 1 балабақша салу жобасы жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, өткен жылы Ақмола облысында 3892 орындық 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жібек жолы ауылында 300 орындық және Қосшы қаласында 1200 орындық мектептерді іске қосу есебінен үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді. Қосшы қаласында жеке инвестициялар есебінен салынған 1500 орындық мектеп мемлекет меншігіне берілді. Ақкөл қаласының №4 мектебіне қосымша ғимарат пайдалануға берілді.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 22 600 оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарлануда.​​​​​​​​​​​Сондай-ақ қазір өңірде 7 мектептің құрылысы жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу