Целиноград ауданында су құбырын салуға 80 млн теңге бөлінеді

736

Целиноград ауданында су құбырын салуға 80 млн теңге бөлінеді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысына Қосшы жергілікті пунктінің даму әлеуеті таныстырылды. Нақтырақ айтсақ, су, жылу жіберу жобалары талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Астана маңындағы аймақтарды дамытудың кешенді жоспары аясында 2016 жылы Нижеромановский орнынан Қосшыға дейін су құбырының құрылысы басталды. Өткен жылы осы жобаны жүзеге асыру аясында 200 млн теңге бөлінді, ол қаржыға үш ұңғыма салынды. Биыл 800 млн теңге бөлінеді. Жоба 2019 жылға дейін есептелген.

"Қосшы ауылындағы жобаны жүзеге асырған соң, сумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешіледі", – дейді әкімдік.

Әкіммен кездесуде Нижеромановскиден шығатын судың құрамында тұз көп, ол қосымша тазалауды қажет ететіндігі талқыланды.

Сондай-ақ "Альянсстройинвест" ЖШС Қосшы ауылын жылумен қамту мақсатында МЖӘ аясында жылу көздері мен магистралды желілердің қуатын арттыруды көздеп отыр. "Қосшы-Тазалық" ЖШС ҚТҚ-ны өңдеу арқылы 0,5 МГБ электр энергиясын өндіріп алу бизнес-жобасын жүзеге асыруға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу