Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша, облыста тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарын жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапасына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті Целиноград ауданы Родина ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді.
Айта кету керек, мердігермен екі жылға жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.
Сондай-ақ, мердігер "Риголит" ЖШС-не қатысты жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігіне сәйкес (800 АЕК) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырды.
Осы тұрғыда, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Целиноград аудандық сотының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігі негізінде "Риголит" ЖШС жобадан ауытқығаны үшін лицензиясынан айырусыз 1 932 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.