Целиноград тұрғыны бақшада қарасора өсірген

498

Бақшада қарасора өсіріп, есірткі дайындаған.

Целиноград тұрғыны бақшада қарасора өсірген

Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында жергілікті тұрғынның бақшасынан 30-ға жуық "сора" өсімдігінің бұталары табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар шаруашылық құрылыстардан сұр-жасыл түсті өсімдік тектес затпен толтырылған 20 литрлік ыдыс, сондай-ақ 2 банка және ұқсас затпен 1 пакет анықталып, тәркіленді.

Тәркіленген зат марихуана есірткісі болып шықты.

Полицейлер анықтағандай, осы жылдың көктемінде 49 жастағы ауыл тұрғыны өз учаскесінде қарасора отырғызған. Ер адам өсірілген бұталарды есірткі жасау үшін шикізат ретінде пайдаланған, ал кейін өзі де тұтынған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу