Бұрын сатып жіберген көліктері үшін қарызға белшеден батқан Талдықорғанның ондаған тұрғыны құқық қорғаушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Өйткені миллиондап саналатын өзгенің айыппұлдарын арқалағылары келмейді.
Белгілі болғандай, осыдан он жыл бұрын негізгі сенімхат арқылы сатылған көліктердің айыппұлдары олардың бұрынғы иелерінің атына жазылған.Себебі автокөлікті кейін сатып алған адамдар оны өздерінің атына аудармаған. Сондықтан олар ешқандай қаржылық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл мәселеге араласқан заңгерлер бар кінәні тиісті органдар мен заңдағы олқылыққа жауып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу