Central Asia Monitor бас редакторы Бигелді Ғабдуллин бопсалаумен айналысты деген күдікпен ұсталды

920

Central Asia Monitor бас редакторы Бигелді Ғабдуллин бопсалаумен айналысты деген күдікпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Central Asia Monitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Тергеудің анықтауынша, Бигелді Ғабдуллин өз құзырындағы "Central Asia Monitor" және "Radiotochka.kz" бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, мемлекеттік орган жетекшілерінің іскерлік абыройына нұқсан келетін материалдарды жариялау арқылы оларға ақпараттық шабуыл жасаған. Алдағы уақытта сынауды тоқтату үшін Ғадбуллин лауазымды тұлғалардан өз медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыстар талап еткен. Олар өз кезегінде Ғабдулиннің компаниясын қолпаштап, мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттар бекітуді қамтамасыз еткен. Осыдан кейін ғана олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жарияланып отырған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінен Ғабдуллин 10 миллион теңге көлеміндегі қаражат бопсалаған. Дәл осы схемамен 7 мемлекеттік орган Ғабдуллинге мемлекеттік тапсырыс алып берген.

Қазіргі уақытта Ғабдуллин ҚР ҚК 128-бабы бойынша ұсталды және Астана қ. уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу