ЦентрКредит банкі Apple Pay мобильді төлемдер қызметін іске қосты

1070

ЦентрКредит банкі Apple Pay мобильді төлемдер қызметін іске қосты

ЦентрКредит банкі Қазақстанда Apple Pay мобильді төлемдер сервисін іске қосты, деп хабарлайды банк.

Енді ЦКБ клиенттері Apple Pay қызметін қолдайтын кез келген Apple құрылғысының көмегімен сауда жасай алады.

28 қарашада ЦентрКредит банкінде Apple Pay контактісіз мобильді төлемдер жүйесі іске қосылды. Бұл сервис сатып алған тауарыңыздың құнын Apple құрылғысы арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Төлем жасау үшін Apple құрылғысын төлем терминалына жақындатсаңыз болды. Apple Pay қосымшасына Visa немесе Mastercard карталарын, оның ішінде контактісіз төлем жасау технологиясын қолдамайтын карталарды да қосып, гаджетіңізді әрқашан қалтаңыздан табылатын ыңғайлы төлем құралына айналдыруға болады.

Деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтау – Apple Pay жүйесінің негізгі принциптері. Картаны Wallet қосымшасы арқылы Apple Pay жүйесіне тіркеген кезде, оның деректері құрылғыда да, Apple серверлерінде де сақталмайды. Оның есесіне құрылғының есептік жазбасының бірегей нөмірі құрылады және ол шифрланып, клиенттің құрылғысының "Қауіпсіз Элемент" чипінде қауіпсіз сақталады. Бірден жасақталатын бірреттік бірегей құпия код бойынша әрбір транзакция авторизацияланады. Сауда орындарында iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі модельдерді, сондай-ақ Apple Watch пайдаланып, Apple Pay көмегімен төлем жасауға болады.

Apple Pay жүйесі NFC хаттамасы бойынша теке қана контактісіз төлемдерді қабылдайтын терминалдарда ғана жұмыс істейді (PayPass немесе PayWave белгісі болу керек). Транзакция жасау үшін саусақ бедерінің (Touch ID), бет-әлпетті айқындау жүйесінің (Face ID) көмегімен немесе пароль арқылы жеке тұлғасын растау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу