ЦентрКредит банкі "Баспана хит" бойынша алғашқы ипотекалық қарыз берді

1189

ЦКБ клиенті екі бөлмелі пәтер алу үшін кредит ресімдеді.

ЦентрКредит банкі "Баспана хит" бойынша алғашқы ипотекалық қарыз берді

28 желтоқсанда "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Алматы қалалық филиалында ҚР Ұлттық банкінің және ""Баспана" ИҰ" АҚ-тың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Баспана хит" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық тұрғын үй қарызы берілді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Біздің "Баспана" компаниясымен бірге "7-20-25" бағдарламасын іске асыру бойынша сәтті тәжірибеміз бар. Жаңа бағдарлама қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейте түсті. Себебі "Баспана хит" бағдарламасы бастапқы нарықта, сондай-ақ қайталама нарықта пәтер таңдауға мүмкіндік береді. Бірлесіп іске асырып жатқан бағдарламамыздың маңызы зор болатынына сенімдімін" , – деп атап өтті ЦКБ-нің басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов.  

Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар 3 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна бастапқы нарықта сатып алатын пәтер құнының кемінде 20%, ал қайталама нарықта кемінде 30% құрайды. Сатып алатын пәтер қарызды қамсыздандыру ретінде қабылданады. Сатып алуға болатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін  – 25 млн теңге, қалған өңірлерде 15 млн теңге болады.

Сыйақы мөлшерлемесі келесі формула бойынша есептеледі: ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі  – + 175 базистік пункт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу