ЦентрКредит Банк кәсіпкерлерге 8%-дық несие ұсынбақ

1305

Бағдарлама төтенше жағдай режимі кезінде кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

 ЦентрКредит Банк кәсіпкерлерге 8%-дық несие ұсынбақ

"Банк ЦентрКредит" АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдікті кредит беру бағдарламасына қатысатынын хабарлады.

Бағдарламаны ҚР Ұлттық банкі әзірлеген және онда төтенше жағдай режимінің енгізілуі салдарынан зардап шеккен ұйымдардың айналым қаражатын толықтыру көзделген.

"Отандық кәсіпкерлікті қолдау қазіргі сәтте ЦентрКредит Банкінің ең маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы оқиғаларға байланысты көптеген кәсіпкерлер оңай емес жағдайға тап болғанын біз түсінеміз. Енді олар жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасау, қызметкерлерге жалақы төлеу, салық, әлеуметтік төлемдер жүргізу және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер алады. Біз қаржы реттеушісінің осы өте қажетті бағдарламасын іске асыруға дайынбыз және қысқа мерзім ішінде оны іске асыру үшін қажетті платформаны әзірледік", – дейді банктің басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов.  

Бағдарламаның негізгі талаптары:

•          Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8%;

•          Мерзімі 12 айға дейін;

•          Пайдалану мақсаты – айналымдағы қаражатты толықтыру

Қарыздың ең жоғары сомасы:

•          ШОБ субъектілері үшін 3 млрд теңгеден көп емес;

•          Жеке кәсіпкерлер үшін 50 млн теңгеден көп емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу