ЦентрКредит банкінің акциясы қымбаттады

803

ЦентрКредит банкінің акциясы қымбаттады

Қазақстанның қор биржасында (KASE) Центркредит банкінің қағаздары қымбаттады. Бұған кореялық Kookmin Bank аталған банктегі өз үлесін сатады деген ақпараттың таралуы себеп болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

23 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша, KASE-дегі банктің эмитент қағаздарының құны 5,9%-ға өсіп, 185,40 теңгені құрады. KASE өкілдерінің тізіміне енетін тағы да екі акция саудасын жасыл аймақта аяқтады. Осылайша, KAZ Minerals бағасы (+3,1%) жаңаша өсім көрсетті. Сонымен бірге, "БАСТ" құнды қағаздары да қымбаттады (+1%).

Қалған эмитенттер минус жағдайында қалды.

Оның ішінде Халық банкі ең үлкен төмен көрсеткішке ие болып, бағасы -5,2 пайызға арзандады. Соңғы екі күнде оның акциясының бағасы 52,35 теңгеге дейін құлдырап, -6,9 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, "Қазақтелеком" (-2,9%) мен "ҚазТрансОйл" (-1%) акциялары арзандады.

KEGOC (-0,8%) қағаздарының да аздап құнсызданғаны байқалады. Сонымен бірге, отандық құнды қағаздардың Лондон қор биржасындағы (LSE) саудасы әр түрлі қалыпта жабылды. "ҚазМұнайГаз" Барлау және Өндіру" (+1,55%), KAZ Minerals (+3,17%), Kcell (+0,28%)  жасыл аймақта саудасын жапса, Халық банк қағаздарының бағасы -3,17% дейін төмендеп кетті.

Естеріңізге сала кетейік, кореялық Kookmin Bank қазақстандық Центркредит банкіндегі өз үлесін сатуы мүмкін екенін хабарлаған. Қазіргі таңда оның ЦКБ-дағы капиталы – 41,9%. Бұл үлесін кореялық банк 2008 жылы 939,2 млрд вонға сатып алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу