Цеснабанк 35 миллиард теңге болатын акцияларын сатпақ

1110

Құжат Қазақстан қор биржасында жарияланды.

Цеснабанк 35 миллиард теңге болатын акцияларын сатпақ

Цеснабанк қор нарығында акцияларының жартысын сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды  LS.

Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта банктің директорлар кеңесі акционерлердің артықшылықтық құқығын сатып алуды іске асыруды есепке ала отырып 17,65 млн қарапайым акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдағаны жазылған. 

Акцияның бағасы - 2 мың теңге, ал жалпы сомасы - 35,3 млрд теңге. 

Сонымен қатар бүгін ІІМ ҚР Қылмысытық кодексінің 274-бабы бойынша әлеуметтік желіде Цеснабанктің қаржылық жағдайы нашарлап кетті деген жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды. Бұл мәлімдемені қаржы институты беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу