Цеснабанк ЦентрКредит банкінің капиталынан шықты

1037

Цеснабанк ЦентрКредит банкінің капиталынан шықты

Енді "Банк ЦентрКредит" АҚ мен "Цеснабанк" АҚ үлестес және байланысты тұлғалар болып табылмайды. Банктің жай акцияларын сатып алу-сату мәмілесі жасалғаны жөнінде "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санының 29,56% үлесін құрайтын "Цеснабанк" АҚ-ға тиесілі болған жай акциялардың барлық пакеті "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның ірі қатысушылары Байсейітов Бақытбек Рымбекұлы мен Ли Владислав Сединовичке және жеке тұлғалар (миноритарлы акционерлер) тобына сатылды.
"Жасалған мәміленің нәтижесі бойынша Бақытбек Байсейітовтің үлесі банк орналастырған жай акциялардың жалпы санының 48,07%-ын, Владислав Лидің үлесі банк орналастырған жай акциялардың жалпы санының 10,05%-ын құрады", - деп хабарлады банк басқармасының төрағасы Ғалым Хусаинов.
Осыдан бұрын банк 2018 жылғы 15 ақпанда ұсынған хатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ли Владислав Сединовичтің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуына келісім бергені жөнінде мәлімдеген болатын.
Бұған қоса банк банктің директорлар кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №223 қаулысының негізінде жарияланған "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акцияларын банктің бастамасымен сатып алу процедурасының аяқталғаны туралы хабарлады.
Осылайша, 2018 жылғы 14 наурыздағы жай-күйі бойынша банктің артықшылықты акцияларының 39 044 841 данасы сатып алынды, оның ішінде "Цеснабанк" АҚ-дан 8 366 560 дана акция және "Цесна" қаржы холдингі" АҚ-дан 27 067 109 дана акция сатып алынды.
"2018 жылғы 14 наурыздан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ пен "Цеснабанк" АҚ үлестес және байланысты тұлғалар болып табылмайды", – делінген банктің ресми хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу