"Цеснабанк" қарапайым акцияларының 99,5 пайызы сатылды

1011

Енді "Цеснабанк" АҚ-ның одан әрі даму стратегиясын FHS акционерлері айқындайтын болады. 

"Цеснабанк" қарапайым акцияларының 99,5 пайызы сатылды

"First Heartland Securities" АҚ "Цеснабанк" АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

FHS баспасөз қызметі брокерлік компанияның Цеснабанктің қарапайым акцияларының 99,5 пайызын сатып алғандығын хабарлады. Енді "Цеснабанк" АҚ-ның одан әрі даму стратегиясын FHS акционерлері айқындайтын болады. 

Дегенмен бас банктен "Цеснабанк" АҚ-ның орнықты қаржы институты ретінде жұмыс істеуін жалғастыратыны айтылды.

"Ұлттық банк пен үкімет іске асырған шаралар кешені және "Цеснабанк" АҚ-ға жаңа инвестор тарту "Цеснабанк" АҚ-ны қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта банктің Ұлттық банктің ең төменгі талаптарынан асатын капиталдандыру және өтімділік көрсеткіштері, кредиторларға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ететін, теңгемен ұзақ мерзімді қорландыра алатын тұрақты қоры бар", – делінген бас банк таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу