Цеснабанк пен АТФ Банкке көрсетілген мемлекеттік қолдау қайтарылады - Jusan Bank

678

Jusan Bank қаражатты қайтару бойынша барлық міндеттемені белгіленген мерзімде орындамақ. 

Цеснабанк пен АТФ Банкке көрсетілген мемлекеттік қолдау қайтарылады - Jusan Bank Фото: Vlast.kz

Бенефициардың ауысуына қарамастан Цеснабанк пен АТФ Банкке берілген мемлекеттік қолдау қайтарылады. Бұл туралы Jusan Bank-тің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Банктің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік қолдау проблемалық Цеснабанк пен АТФ Банк (Jusan тобы сатып алмас бұрын) айтарлықтай қаржы қиындығына тап болғанына байланысты көрсетілген. Бұл аталмыш қаржы институттарының клиенттері алдындағы міндеттемелерін орындаумен байланысты болды.

"Бенефициар ауысқанына қарамастан Цеснабанк пен АТФ Банкке көрсетілген мемлекеттік қолдау сол уақытта ҚР басқа да екінші деңгейлі банктеріне көрсетілген мемлекеттік қолдау секілді қайтарымды екенін хабарлағымыз келеді. Тиісінше қаражатты қайтару бойынша барлық міндеттемелер мирасқорларға өтті және қатаң түрде заңға сәйкес орындалады. Банк мемлекеттік қолдауға ие болған жоғарыда аталған банктердің мирасқоры ретінде заңнамада белгіленген мерзімде мемлекеттік қолдау қаражатын қайтару бойынша проблемалық екінші деңгейлі банктерден берілген міндеттемелерді толығымен орындайды", - делінген банктің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ, Jusan Bank өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының аясында және қаржы реттеушілерінің қатаң қадағалауымен жүзеге асыратынын да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу