13 маусымнан бастап Цеснабанктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша, банктің басқарма төрағасының орынбасары ауысты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа қызметке қаржы институтының басқарма төрағасының кеңесшісі Марат Жәукенов тағайындалды.
"Біздің команданың құрамына Марат Жәукенов қабылданды. Оның қаржы саласында үлкен тәжірибесі бар. Банк жүйесіндегі тәжірибесі 20 жыл. Қызмет ету уақытында ол ҚР ұлттық банкінде, "НSBC Банк Қазақстан" АҚ ЕБ, Еуразиялық даму банкі және басқа да қзақстандық ірі банктерде жұмыс істеген. Біз Марат Жәукеновтың кәсібилігі мен тәжірибесі Ценбанктің дамуына жаңа серпін алып келеді деп күтеміз", — деп атап өтті "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбек.
Сонымен қатар, банктің директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2017 жылдың 13 маусымынан бастапбасқарма төрағасының орынбасары Сәуле Шәймерденованың өкілеттілігі тоқтатылды. 2017 жылдың 14 маусымынан бастап ол "Плюс банк" ХАҚ жетекшілік қызметіне тағайындалды.
Банктің мәліметінше, кадр алмасу — функционалды құрылымды жетілдіру үшін, бизнесті кеңейту мақсатында жасалды.