11 мамыр күні Мажарстанның Будапеш қаласында жүзуден Champions Swim Series әлемдік турнирінің екінші кезеңі өтеді. 200 метрге брасс әдісімен жарысатын спортшылар арасында біраз өзгеріс бар, деп жазады Olympic.kz.
Бұл бағдарламада олимпиада чемпионаты, қазақстандық Дмитрий Баландин сынға түседі. Гуанджоуда өткен бірінші кезеңге 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Антон Чупков, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі осы қашықтықтағы әлем рекордшысы, жапондық Иппэй Ватанабэ және қытайлық Цин Хайян Баландинге басты қарсылас атанған еді.
Мажарстандағы кезеңге қытайлық спортшы қатыспайтын болды. Оның орнына Риода Баландиннің ізін ала күміске иелік еткен америклық Джош Прено шығады. Осылайша, Будапеште 2016 жылғы Олимпиаданың барлық жүлдегерлері жарыспақ. Баландин, Прено мен Чупков алғашқы үштікке енсе, Ватанаба Рио Олимпиадасын алтыншы орынмен аяқтаған.
Айта кетелік, аталған турнирге Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) шақыртуын иеленген спортшылар ғана қатыса алады.
Бірінші кезеңде Баландин төртінші орын иеленіп, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды. Сондай-ақ, аралас эстафетада
Будапештегі турнир аяқталған соң Баландин тікелей АҚШ-қа жол тартып, әйгілі бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығады.